19.05.2025, 9:15
Оқылды: 215

2024-2025 оқу жылында 400 мыңға жуық оқушы орны ашылды

Биылғы оқу жылында елімізде бір жыл ішінде рекордтық көрсеткіш - 400 мыңға жуық орынды қамтыған 257 жаңа мектеп ашылды. Олардың қатарында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы заманауи білім ордалары да бар, - деп жазады ҚР Оқу-ағарту министрлігі. 

жп жайлы мектеп (10)

Нәтижесінде, соңғы екі жылда үш ауысымды мектептердің санын 3 есеге дейін қысқартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар, мыңдаған ауыл мектебіне жаңғырту жасалып, қолданыстағы мектептер күрделі жөндеуден өтті және 1700-ге жуық мектепте робототехника, химия, биология, физика және STEM-пәндер бойынша заманауи пәндік кабинеттер жабдықталды.

Келесі кезеңде мектеп инфрақұрылымын біртұтас заманауи форматқа көшіру үшін жаңарту жұмыстары басталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде 1 231 мектепті реновациялау жоспарлануда, олардың жартысынан көбі ауылдық жерлерде орналасқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале