23.05.2025, 23:00
Оқылды: 259

Бөкей ордасы ауданында бір күнде үш жаңа кітапхана пайдалануға берілді

Бөкей ордасы ауданы бойынша толықтай модернизациядан өткен үш жаңа кітапхана ашылды.

IMG-20250523-WA0100
Сайқын, Бисен және Хан ордасында жарық көрген кітапханалардың ашылуына «Тана» қоғамдық қорының жоба менеджері Динара Сейтқалиева, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Шолпан Оразаева және БҚО зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың директоры Марфуға Айтқалиева арнайы келіп қатысты.
Аталмыш жұмыстар «Ауыл кітапханаларын модернизациялау» жобасы аясында іске асқан. Ал жоба үйлестіруші және бастапқы идея авторы «Тана» қоғамдық қоры болып табылса, жүзеге асыруға БҚО әкімдігі және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры атсалысқан.

IMG-20250523-WA0104
Кітапхананың ашылу салтанаты барысында аудан басшысы Нұрлыбек Даумов және аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данагүл Ғайноллина сөз сөйлеп, арнайы келген қонақтарға қош келдің сөздерімен қатар алғысын жеткізді.

IMG-20250523-WA0102
Модернизациядан өткен кітапхана білім беру аймағы, музыкалық бөлім, шығармашылық шеберхана кеңестігі, IT аумағы және жас шахматшылар аймағынан құралған. Ал жобаның жалпы сомасы 26 миллионнан астам болып табылады екен.

Еркебұлан Рахметолла

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале