25.05.2025, 15:00
Оқылды: 231

Казталов ауданы: Бостандық ауылында дала қызықтары өтті

Бүгін Бостандық ауылының азаматтарының қолдауымен «Бостандық – бірлік пен ынтымақ мекені» атты дала қызықтары өтті. Айта кету керек, ынтымағы жарасқан Бостандық ауылында дала қызықтары 15-ші рет өткізіліп жатыр.

image-25-05-25-01-27-1

Дүбірлі доданың ашылуында аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік, Бостандық ауылының әкімі Есбол Сақауов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ауыл тұрғындарына көркемөнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынып, мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

image-25-05-25-01-27
Дала қызықтарына қатысушы шабандоздар арқан тартыс, қазақша күрес, қой көтеру, тай жарысы (6 км), құнан жарысы (9 км), топ бәйге (18 км) бойынша бақтарын сынады.

Тай жарыста Сұлтан Қолғанаттың “Желқарасы” оза шауып (шабандозы Нұрислам) І орынды иеленсе, Бекжан Қарабалиннің “Асыл төбесі” (шабандозы Марлен) ІІ орынды, Мұрат ахметовтің “Дауылпаз” жүйрігі (шабандозы Талант) ІІІ орынды иеленді.

Құнан жарысы бойынша Ерназ Күзенбайдың додаға қосқан жүйрігі “Қасиет” І орынды иеленді, шабандозы - Мерей. Бақытжан Қасымовтың “Шаңырақ” атты жүйрігі ІІ орынды иеленді, шабандозы - Бақтияр. Болат Нұрғазиевтің “Қарқарасы” ІІІ орынды иеленді, шабандозы - Мадияр.

Топ бәйгеде Шариповтар әулетінің “Найзағайы” атты жүйрігі І орын иеленді, шабандозы - Али. Мирас Әнуаровтың “Қазық қасқасы” ІІ орын иеленді. Шабандозы - Саян. Мәреге үшінші жеткен Нұрсұлтан Елемесовтің “Бақторы” жүйрігі. Шабандозы - Армат.

Қазақша күрестен І орынды Мерей Бердіғали (Сырым ауданы) иеленсе, ІІ орынды Нұрсұлтан Мырзахмет (Сырым ауданы), ІІ орынды Нұрсейіт Мәдениет (Ақпәтер ауылы) қанжығаларына байлады.

image-25-05-25-01-27-3

Арқан тартыс (әйелдер арасында) І орынға Бостандық әйелдер құрамасы, ІІ орынға “Айгөлек” бөбекжайы, ІІІ орынға 20 жылдық қыздар құрамасы ие болды.

Жарыс соңында жеңімпаздарға дилом, кубоктар мен ақшалай сыйлық табысталды.

Бұл мерекеде ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағы нығайып, ұлттық ойындар ұлықталды.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале