25.05.2025, 16:00
Оқылды: 728

БАӘ-де ауа температурасы мамыр айындағы рекордтық деңгейге жетті

БАӘ-де ауа температурасы мамыр айында метеорологиялық бақылаулардың бүкіл кезеңінде екінші күн қатарынан рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Oxu.az.

 abe0223c-58e6-424c-aab6-b5fa0714fd56

Фото: Oxu.az

Елдің шығысында орналасқан Свейхан аймағында ауа температурасы Цельсий бойынша 51,6 градусқа дейін көтерілсе, бір күн бұрын Абу-Дабиде 50,4 градус ыстық болып, мамыр айындағы рекорд тіркелді.

Бұл туралы БАӘ Ұлттық метеорологиялық орталығы хабарлады.

- Бүгін елде тіркелген ең жоғары температура Свейханда жергілікті уақыт бойынша 13:45-те 51,6 градус Цельсийге жетті, - делінген орталықтың X-тегі парақшасында.
2010 жылы Әл-Ясат аралында тіркелген БАӘ тарихындағы абсолютті температура рекорды небәрі 0,4 градусқа ғана аз болды.

Аймақта биыл жылдағыдан ертерек аптап ыстық болды. Ұлттық метеорология орталығының хабарлауынша, сәуір айындағы орташа максималды температура рекордтық көрсеткіш – 42,6 градусқа жетті. Бұл БАӘ билігі денсаулыққа ескерту жасап, адамдарды күннің ыстығында ашық ауада физикалық белсенділіктен аулақ болуға шақырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале