Онколог Владимир Ивашков ерте қартаю ағзадағы коллаген бұзылуынан басталатынын айтты. Ол бұл жайттың негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: pixabay.com
Владимир Ивашков ерте қартаюдың алғашқы себебі ретінде ультракүлгін сәулелерді атады. Осыған байланысты маман ерте әжім шықпауы үшін көшеге шықпас бұрын күннен қорғайтын кремдер қолдануға кеңес берді.
Сонымен қатар дәрігердің айтуынша, қантты тұтыну салдарынан тері серпімділігін жояды. Ерте қартаюдың тағы бір себебі - темекі құрамындағы химиялық заттар.
Бұған жол бермеу үшін Владимир Ивашков рационға мүмкіндігінше көп ақуыз қосуды, темекі шегуді қоюды және әртүрлі диеталық қоспаларды қабылдауды ұсынды.