28.05.2025, 10:45
Оқылды: 118

«Қазгиродмет» болжамын жариялады: температура 30-35 градусқа дейін көтеріледі

«Қазгиродмет» мекемесі күнге қатысты болжамын жариялады.

орал-фото-коктем-_7_ — копия

- Өткен күндері елдің солтүстік жартысында байқалған суық біртіндеп шығысқа қарай жылжи бастайды. Жаңбырдан кейін ауа температурасы төмендейді. Ал түнде жекелеген аймақтарда аяз күтіледі. Бірақ негізгі суық біртіндеп Қазақстаннан тыс жерлерге ауысқанына қарамастан, суық ауа массаларымен қоректенетін солтүстік-батыс антициклоны ауа температурасының қатты көтерілуіне жол бермейді.  Түнде әлі де күн салқын болады, ал күндіз термометрлердің бағандары 20-25 градус жылуды тіркейді. Республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана тұрғындар жаздың ыстығын сезінеді. Ауа температурасы 29 мамырда күндіз 30-35 градусқа дейін көтеріледі, - делінген хабарламада.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале