Шыңғырлау ауданында өзін-өзі көкөніспен қамтамасыз етіп, бау-бақша салам деушілерге үлкен қолдау бар. Жуырда Шыңғырлау ауылдық округінің ұжымы жергілікті өнім үлесін арттыру мақсатында берілген 1 гектар учаскелік жердің 0,5 гектарына картоп дақылын екті.

Алдағы уақытта 0,2 гектарына жуа, 0,1 гектарына қызылша, 0,1 гектарына сәбіз, 0,1 гектарға қырыққабат егу жоспарлануда. Бақша тамшылата суару жүйесіне қосылатын болады.

Бұл қолға алынған ұжымдық бақша қазіргідей қымбатшылық кезде өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөністермен қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік бермек.
Аслан Аманбаев,
Шыңғырлау ауылдық округінің бас маманы
Шыңғырлау ауданы