Резервке іріктеуге өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады, - деп жазады Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

Сурет: gov.kz
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.