3.06.2025, 11:45
Оқылды: 215

Бөрлілік ұстаз – «Үздік маман» атанды

Жуырда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2025 жылдың мамыр айында  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін республикалық кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастырды. Өскемен қаласында өткен шеберлік байқауына еліміздің әр аймағынан келген 19 команда қатысты.

репортаж (1)

Солардың қатарында Бөрлі колледжінің жас мамандары, арнайы пән оқытушылары,  жерлестеріміз Еламан Беков пен Орынбек Ғабдікарімов Батыс Қазақстан облысының намысын қорғады. Өскемен жоғары политехникалық колледжінде энергетика саласы бойынша, соның ішінде «Электромонтаждау жұмыстары» құзіреттілігі бағдарламасында өз кәсіби дайындығын көрсеткен қатысушы Е.Беков монтаждау, бағдарламалау, сызбаларды дайындау, тестілеу сияқты тапсырмалардан жоғары нәтиже көрсетті. Оқытушы О.Ғабдікарімов тәжірибелі білікті маман ретінде сарапшы байқаудың сарапшысы міндетін абыроймен атқарды.

Бұл конкурс әлемдік WorldSkills стандарттарына сәйкес бағаланып, өндірістен келген кәсіби сарапшылар – «Силумин Восток» ЖШС мен «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ өкілдері төрелік етті. «Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегеніңді біле бер» - деген ұстанымды өмірлік қағидаға айналдырған мамандар жастарға білім беруде  жаңалықты үйренуді, жетілуді, заман толқынына қалмай дамуды мақсат тұтады.

репортаж (2)

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан алтын, күміс, қола медальдері, сертификаттар тапсырылып, «Үздік маман» номинациясы бойынша 6 өңірдің үздік шеберлері марапатталды. Батыс Қазақстан облысынан «Үздік маман» атанған Еламан Бековты жеңісімен құттықтаймыз!

Айжарық Нұр, 

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале