Бүгін Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өтті.

Жанболат Бақтыгереев төрағалық еткен жиынға комиссия мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Мұқанов пен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. Отырыста әкімдер сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітілді. Комиссия мүшелерінің сайлау барысында атқаратын жұмыстары нақтыланып, Жаңақала ауданының Бірлік, Жаңажол және Көпжасар округі әкімдерін сайлау жөнінде аталмыш ауылдар аумағының шекарасында сайлау округтері құрылды. Сонымен қатар Бірлік, Жаңажол және Көпжасар ауылдық округі әкімдерін сайлау 2025 жылғы 13 шілдеде өтетін болып белгіленді.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы