8.06.2025, 13:00
Оқылды: 200

Республикалық велошеру Ақ Жайықта мәресіне жетті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған республикалық «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі бүгін Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында өз мәресіне жетті.  Өскемен қаласынан бастау алған велошеру еліміздің сегіз өңірін қамтыды. Айта кетсек,  Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облысынан жүріп өтіп, Ақ Жайық өңірінде тәмамдалды. Батысқазақстандықтар, яғни еңбек ұжымдары, колледж студенттері мен спорт сүйер қауым велошеру қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды.

IMG-20250608-WA0037

- Бүгін ерекше күн. «Алтайдан Оралға дейін» велошеру қатысушыларын қатысып тұрмыз. Бұл шара Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп отыр. Жұмысшы мамандықтар жылына орай 26 мамырды Шығыс Қазақстанда бастау алған велошеру қатысушылары 3 000 шақырым жерді артқа тастап, Ақ Жайық өңіріне табан тіреп отыр. Велошерулердің Алтайдан Оралға дейінгі ұзақ сапары – нағыз ерлік пен табандылықтың үлгісі. Бұл тек спорт қана емес, рухани сапар, ел мен жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі. Құрметті велошеру қатысушылары, бүгін сіздерді батысқазақстандықтар ашық аспан астында көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып отыр. Веложорық арқылы сіздер Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттырып,  мерейін өсіріп, насихатын асырып қана қоймай, ұрпағымыздың сауатты, ұлтымыздың саламатты болуына өздеріңіз үлгі көрсеттіңіздер. Бұл тек бір күндік шара ғана емес, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және бірлігімізді нығайтуға қосқан үлестеріңіз деп білеміз,- деді салтанатты шарада сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин.

IMG-20250608-WA0031

Өз кезегінде Алтайдан Оралға дейінгі велошерудің ұйымдастырушысы, велоспорт бойынша мемлекеттік тренер Денис Гольцман ақжарқын қарсы алған батысқазақстандықтарға алғыс айтты.

IMG-20250608-WA0032

Веложорық қатысушыларына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов естелік сыйлық табыстады.

IMG-20250608-WA0038

Мерекелік шара патриоттық бағыттағы әндерге ұласты.

IMG-20250608-WA0029

Айта кетейік, велошеру жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

IMG-20250608-WA0030

IMG-20250608-WA0040

                                                           Гүлсезім Бияшева

Суретке түсірген: Мәди Салық

Орал өңірі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале