8.06.2025, 15:30
Оқылды: 289

Көктерек командасы ұйымдастырған облыстық жарыс мәресіне жетті

Кеше Жалпақтал ауылындағы спорт кешенінде Көктерек ауылдық арқан тарту командасының тікелей ұйымдастыруымен «КOKTEREK GUP - 2025» облыстық ашық турнирі өтті.

8

Аталмыш жарысқа 720 келі салмақ дәрежесіне дейін 17, 1000 келі салмақ дәрежесіне дейін 10 команда қатысты. Олардың қатарында Орал, Шыңғырлау, Бөрлі, Сырым /Қособа/, Ақсай /Бөрлі/, Казталов, Жалпақтал, Қарасу, Қараоба, Қособа, Көктерек, Тереңкөл, Ақпәтер, Әбіш, Қараөзен, Жаңажол, Бостандық, Жұлдыз командалары бар.

Тартысты өткен жарыс қорытындысында 720 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде І орынды Бостандық, ІІ орынды Орал, ІІІ орынды Көктерек иемденсе, 1000 келіге дейінгі салмақ  дәрежесінде І орынды Көктерек, ІІ орынды Орал, ІІІ орынды Қараоба командалары өзара бөлісті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері сәйкесінше 100 000, 60 000, 40 000 теңге ақшалай марапатқа ие болды.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале