9.06.2025, 16:15
Оқылды: 107

Өмірге қауіп төндіретін тағы бір ойын пайда болды

Өмірге қауіп төндіретін тағы бір ойын пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

апап

Сурет: baq.kz

Желіде екі бала жолдан өтіп бара жатып, кілт тоқтап, жол ортасында қозғалмастан тұра қалған бейнежазба пайда болды. Видеодан олардың жолда тұрған кезінде жандарынан қаншама көліктің ағыл-тегіл өтіп жатқанын көруге болады.

- Полиция қызметкерлері алдын алу шараларын жүргізу үшін кәмелетке толмағандарды және олардың ата-аналарын анықтап жатыр, — дейді Жамбыл облысының полиция департаменті.

Желі қолданушылары мұндай ойынның қауіпті екенін жазуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале