12.06.2025, 20:00
Оқылды: 127

Сырымдық жас биші Ақтаудан жүлдемен оралды

Ақтау қаласында 5-9 маусым күндер аралығында өткен «Jas tolqyn» фестивалінде сырымдық биші Мариям Сисенбай жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Ол өнер сайысында Батыс Қазақстан облысының намысын қорғады.

photo-output

Мариям Жымпитыдағы «ALEM» оқу орталығында дебат үйірмесіне қатысады әрі биден тәлім алады. Биге баулушы ұстазы — Бақытханым Жұмағалиева. Ол кеше он бес бірдей қатысу мен ұжымдар ішінен өнерімен дараланып, жүлде алды. Оқу орталығы жүлделі шәкіртін құрметпен күтіп алды.

photo-output

«ALEM» оқу орталығы шәкірттерінің ғана емес, педагогтарының да дамуына, жетілуіне көңіл бөледі. Каспий жағасындағы фестивальге арнайы барған орталық педагогтары — Назгүл Мустафиева мен Бақытханым Жұмағалиева кәсіби мамандардың шеберлік сыныптарына қатысып, іс-тәжірибе алмасып келді. Бұл шаралар бізге шығармашылық әлеуетті арттыру, қосымша білім берудің жаңа әдістерін игеру үшін керек.
«ALEM» оқу орталығы жастардың өнері мен білімін ұштастырған маңызды шаралардың бел ортасынан табылуға дайын.

«ALEM» оқу орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале