14.06.2025, 11:00
Оқылды: 419

«Малшылар күні» мерекесі: Казталовта еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

Казталов аудандық мәдениет үйінде «Малшылар күніне» орай «Малшы мерейі — ауыл абыройы» атты мәдени шара өтті. Төрт түліктің бабын тауып, ел ырысын еселеп отырған еңбек адамдарының құрметіне орай елімізде 2021 жылдан бастап маусым айының екінші жексенбісі малшылар күні болып атап өтіледі.

WhatsApp Image 2025-06-16 at 12.44.10 (3)

Шарада аудан әкімінің орынбасары Рашид Иманғалиев мал шаруашылығының ел экономикасындағы маңызын атап өтіп, жыл мезгілдерінің тосын мінездеріне қарамастан қызмет жасап жүрген еңбек майталмандарына алғыс білдірді.
Мерекелік шарада Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашевтің алғысхатымен Нұржас Гайсин (Қошанкөл ауылдық округі, «Шаттық» шаруа қожалығының малшысы), Саламат Алиев (Талдыапан ауылдық округі, «Еламан» шаруа қожалығының малшысы), Кенжеғали Есетов (Көктерек ауылдық округі, «В.Адилов» ауыл шаруашылығы өндірістік коопертивінің малшысы), Махамбет Сұлтанғалиев (Қайыңды ауылдық округі, «Әли» шаруа қожалығының малшысы) марапатталса, Казталов аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың алғысхатымен Қайрат Таушанов (Бірік ауылдық округі, «Аманжол-Атамекен» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің малшысы), Асқар Қосалиев (Казталов ауылдық округі, “Дулат” шаруа қожалығының малшысы), Кенжебай Рахматуллин (Көктерек ауылдық округі, «В.Адилов» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің малшысы), Қалыбек Тоқсанбаев (Жаңажолдық ауылдық округі, «Жаңажол ауылы - Атамекен» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің малшысы), Орынғали Ізгалиев (Болашақ ауылдық округі, «Қамқор» шаруа қожалығының малшысы), Сабыр Жұматаев (Жалпақтал ауылдық округі, «Жалпақтал-Батыс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің малшысы), Нұрлыбек Өтеуов (Қарасу ауылдық округі, «Жалпақтал-Атамекен» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің малшысы), Аңсар Зейнединов (“Агро kz” шаруа қожалығының малшысы), Жандарбек Өзенбаев (Тереңкөл ауылдық округі, “Нұрсай ауылы” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің малшысы),Мейрамбек Мұқашев (Қараоба ауылдық округі, «Ер – сыналбек» шаруа қожалығының малшысы), Серік Жұмағазиев (Бостандық ауылдық округі, «Екпін» шаруа қожалығының малшысы), Сыйлар Шапенов (Қошанкөл ауылдық округі, «Шаттық» шаруа қожалығының малшысы), Марат Табылдиев (Жаңажол ауылдық округі, «Батыс-Е» ауыл шаруашлығы өндірістік кооперативінің малшысы) марапатталды.

WhatsApp Image 2025-06-16 at 12.44.10 (4)

Шара одан әрі аудандық көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

WhatsApp Image 2025-06-16 at 12.44.11
Малшылар күні – тынымсыз еңбек етіп, ауыл тұрмысын көтеріп жүрген жандардың мерейін өсірген мазмұнды мейрам болды.

Гүлнұр Бөлешов
Казталов ауданы

WhatsApp Image 2025-06-16 at 12.44.10 (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале