15.06.2025, 10:00
Оқылды: 186

Жаңақалалық көпбалалы ана аналар байқауының жеңімпазы атанды

12-13 маусым аралығында Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «ШЫҢ» сазды-драма театрының ұйымдастыруымен «Асыл ана – 2025» көпбалалы аналар байқауы өтті.

image-14-06-25-10-03-1

25 пен 45 жас аралығында бақ сынасқан ержүрек аналар 4 кезең бойынша өнерлерін ортаға салды. Жарыс барысында қойылым сомдалып, бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап айдары өткізілгеннен кейін, орамал тағу үлгісі назарға ұсынылды.

photo-output

Көптің арасынан үздік деп танылған жаңақалалық 4 баланың анасы Амангүл Сисенова бас жүлдені жеңіп алып, 140 000 теңге қаржылай марапатқа ие болды. Сондай-ақ «Баламен шексіз байланыста болатын ана» номинациясы берілді.
Аудан намысын асқақтатқан, ақ орамалы басынан түспеген Амангүлді жеңісімен құттықтаймыз.

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале