15.06.2025, 17:30
Оқылды: 127

Егіндібұлақ ауылында әкелер сайысы өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылдық округінде  «Нағыз әке – отбасының тірегі» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

IMG-20250615-WA0003

Әкелердің қоғамдағы рөлін арттыру, отбасындағы жауапкершілігін, өнері мен білімін, ептілігі мен тапқырлығын көрсете отырып, өскелең ұрпаққа үлгі етуді мақсат еткен іс-шараны ауылдық округ әкімі Ринат Ескендіров құттықтау сөзбен ашып, сайыскерлерге сәттілік тілеп, өзі де додаға белсене қатысты. Жалпы бұл сайыста 6 әке бақ сынады. Олардың арасында көп балалы, мұғалім, мемқызметші, жұмысшы отағасылар болды.

Сайыс бес кезеңнен тұрды. Яғни қатысушылар өзін және отбасын таныстырған соң, викториналық сұрақтарға жауап берді, шеге қағу, ине сабақтау сияқты тұрмыстық тапсырмаларды орындады, әзіл айту мен тапқырлығы бойынша сынға түсті және өнерлерін көрсетті.

Әділқазылар алқасы қатысушылар байқауға жақсы дайындықпен келгенін атап өтіп оларды түрлі аталым бойынша марапаттады. Сөйтіп  Р. Ескендіров – «Білімді әке», Қ.Шуйіншқалиев – «Еңбекқор әке», Н. Сабырқұлов – «Өнерлі әке», А.Ерболатов – «Тапқыр әке», С.Құспанов – «Пысық әке», Д.Сайлауов – «Спортшы әке» атанды. Барлық қатысушыға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

IMG-20250615-WA0002

Іс-шара барысында ауыл кітапханашылары дайындаған «Әке – өмірдің айнасы» атты тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалып, әкелер туралы әдебиеттер таныстырылды.

Данагүл Алхамова,

Егіндібұлақ  ауылдық кітапханашысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале