2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық департаменттері азаматтарға тауарлар, қызметтер мен жылжымайтын мүлік сатып алу барысында құқықтық көмек көрсетіп, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыс жүргізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жазды.

Сурет: gov.kz
Осы аралықта тұтынушылардың шағымдары бойынша жалпы сомасы 881,3 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Шағымдар көбінесе сапасыз тауарлар (автокөліктер, косметика, ұялы телефондар), орындалмаған қызметтер (шипажай жолдамалары, қоғамдық тамақтану, фитнес, туризм), сондай-ақ рәсімделмеген немесе уақтылы берілмеген жылжымайтын мүлікке қатысты болды.
Азаматтарға нақты көмек көрсетілген мысалдар:
Бұл деректер – жай статистика емес. Әрбір өтініштің артында нақты тағдыр, үміт пен әділеттілікке деген сенім жатыр. Қазақстандықтар өз құқықтарын қорғауда белсенділік танытып келеді. Біз осы үрдісті жоғары бағалаймыз.
Комитет пен оның аумақтық департаменттері бұдан әрі де тұтынушылардың мүдделерін қорғауға, заңнаманың орындалуын қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениетті арттыруға күш салуды жалғастырады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – бұл ұран емес, нақты әрекет.