Мемлекеттік қызметшілер мерекесі күніне орай Шыңғырлау ауданында сала мамандары ой-пікір мен біліктілік бағытында бәсекеге түскен «Shyn жүйрік» тақырыбындағы интеллектуалдық ойын өтті.

“Дән” ауылдық мәдениет үйінде өткен зияткерлік сайысқа жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аудандық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілері қатысып, өзара ой додасы, ситуациялық сұрақтар, еске сақтау қабілетін сынайтын сауалдар мен жұмбақтарды шешуде бақ сынасты. Бұдан басқа қолданыстағы заңнамаларға сәйкес және логикалық жұмбақтар мен қызықты жәйттар бойынша сұрақтар қойылды.

Шара барысы «Айналдым елім», «Көзімнен таны», «Бұл - біздің кино», «Қара жәшік», «Бәс» кезеңдерінде ұшқырлық пен білім тереңдігін, ойлау - сараптау қабілеттілігін танытқан жеке тұлғалар мен командалар үздік.

Шара соңында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев құттықтау сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздары мен жүлдергерлерді марапаттады.
Нұрлыбек Қайыржанов,
аудандық жастар ресурстық
орталығының директоры