2.12.2016, 18:26
Оқылды: 54

БҚО әкімі Назарбаев мектебіндегі Қамқоршылық кеңеске қатысты  

 

nzm-oralОрал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің даму бағыты, шәкірттердің жетістігі мен тәжірибе тарату мәселелері сөз болған Қамқоршылық кеңес отырысына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.


 

Назарбаев Зияткерлік мектептер желісіндегі Қамқоршылық кеңес дегеніміз мектеп пен қоғам арасында тұлғалық және қоғамдық қызуғышылықтарды үйлестіре отырып мектеп жұмысын жақсартуға ықпал ететін қоғамдық басқару органы, мектепті қоғаммен байланыстыратын құрал. Кеңес отырысында мектеп оқу жылы бойынша түрлі бағыттардағы жұмыстары туралы есеп береді.

nzmАйта кетейік, Алтай Сейдірұлы Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады.

Бұл жолғы Қамқоршылық кеңес отырысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Светлана Александрова "2015-2016 оқу жылындағы түлектердің оқу жетістігі туралы" баяндаса, профилді-эксперименталдық жұмыстар жөніндегі орынбасары Айдар Сұлтанов "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін облыстағы білім беру ұйымдарына тарату тәжірибесі туралы" баяндады.

nzm-1Сондай-ақ директордың халықаралық орынбасары Уоррен Рокко "Мектептің халықаралық аккредитациядан өту барысына" тоқталса, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльвира Айдыналиева "Оқушылардың еріктілік және қоғамға қызмет ету жобалары" жөнінде әңгімеледі.

Өз кезегінде Алтай Сейдірұлы оқу жетістіктерін одан әрі жетілдіру және ағылшын тілінде оқытуды дамыту, оқушылардың түрлі дағдыларын дамыту жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ мектеп тәжірибесін облыстағы өзге мектептерге таратуды белсенді жүргізу қажеттігіне тоқталды.

Бұл жиынға кеңес мүшелері, қала әкімі Нариман Төреғалиев, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова қатысты.

НЗМ баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале