5.12.2016, 13:32
Оқылды: 52

28 тұрғын несиеге қол жеткізді

         Жәнібек ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға арналған екінші бағыты бойынша ауданға 60 миллион теңге несие  бөлінді. Бөлінген қаржы толықтай игерілді.

Осы бағыт ауқымында кәсіпкерлік негіздеріне 15 адам жоспар бойынша қазан айында дәріс алған. 28 тұрғын несиеге қол жеткізді. Оның 22 жобасы мал шаруашылығын дамыту болса, 1 жоба автотехстанция, 1 жоба автокөлік жуу, 1 жоба наубайхана  және 1 жоба шағын тігін цехын ашу болып саналады. Сонымен қатар, қайтарым қаржы есебінен 2 адам мал шаруашылығы жобасына 4,6 млн. теңге  көлемінде шағын несие алған.

                                                                                          Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале