Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға мемлекеттік қызмет ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекеттік қызметшілер шақырылды.
Мемлекеттік қызметшілерді Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Төреғалиев, Департамент басшысы М. Байсалов, Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С. Сүлеймен құттықтады.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Мемлекеттік қызмет ардагері», «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілері табысталып, мемлекетік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған «Ана тілім – арым» дәстүрлі облыстық байқауының бас жүлде иегері Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Сұңғатов, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың I-орын иегері Бөрлі ауданы әкімі аппаратының командасы, II-орын иегері Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының командасы, III-орын иегері Казталов ауданы әкімі аппаратының командасы марапатталды.

Сонымен қатар, Департамент бастамасымен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы өткізіліп, конкурс қорытындысы негізінде «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша жеңімпаз Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Галымжанова Жасмин Мейрамовна, «Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша жеңімпаз «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Батыс Қазақстан бойынша филиалының Орал қаласы бойынша №2 бөлімі анықталып, сәйкес марапаттар табысталды.

Аталған конкурсты өткізудің мақсаты – қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, уәждемесін көтеру және жұмыс барысында клиентке бағдарлану қағидаттарын нығайту. Іс-шарада облыстық білім басқармасы әкімшілік бөлімнің бас маманы Н.Б. Мақсотов салтанатты түрде ант қабылдады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті