23.06.2025, 22:00
Оқылды: 132

Жаңақалалық бишілер жеңімпаз атанды

Жуырда Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени демалыс кешенінде «Dance World» республикалық би байқауы өтті.

би

Оған еліміздің барлық облысынан талғам мен сезім, әдемілік пен ұстамдылық секілді ғажап қасиеттерді бойларына жиған 5-8 жас аралығындағы бишілер сынға түсті. Бұл шарада тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды саналарына сіңіріп, құдіретті өнерге құмар ауданымыздың «Нұрбибі» би ансамблі де бақтарын сынап, көрермен көзайымына айналды.  Нәтижесінде жаңақалалық бишілер өздерінің таланты мен шеберліктерін көрсете біліп, ансамбльдің орта буыны «Білезік» биімен, ал кіші буыны Андижан биімен І орыннан табылды.

бии

Сонымен қатар топ жетекшісі Лунара Нұрланқызының да еңбегі ескерусіз қалмай, ұйымдастырушылар алқасы алғысхат пен әдемі гүл шоқтарын табыс етті. Аталмыш балалар ұжымы қашанда табысты оралып, аудан абыройын асқақтатуда алда келеді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале