25.06.2025, 12:00
Оқылды: 119

«Таза Қазақстан» президенттік бастамасы аясында жас ұрпақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруда

Білім министрлігі «Таза Қазақстан» бастамасы аясында балалардағы экологиялық жауапкершілікті тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда 77 мектепке дейінгі білім беру ұйымы «жасыл балабақша» бағытымен жұмыс істейді. 2024-2025 оқу жылында мектептерде 4 мыңнан астам «Жасыл клуб» құрылып, 125 мыңнан астам оқушыны қамтыды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында айтылды

393526a9-2ab9-4e64-97bf-363ed210d73a

Практикалық экологиялық акцияларға ерекше назар аударылады. Ұлттық науқан аясында 185 мыңнан астам жас түлек ағаш көшеттерін отырғызды, осылайша елді көгалдандыруға үлес қосты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарында іске асырылып жатқан «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасынан айқын көрініс тауып отыр. Тәуелсіздік және отаншылдық, заң және тәртіп, әділдік және жауапкершілік, бірлік және ынтымақ, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жаңашылдық және жасампаздық сияқты құндылықтар арқылы біз қоғамның мызғымас тірегіне айналатын адал азаматтарды тәрбиелейміз», — деп атап өтті Білім министрі Ғ.Бейсембаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале