25.06.2025, 21:00
Оқылды: 164

Таланттарымен Ташкентті мойындатты

“ALEM” оқу орталығы шәкірттерінің мақсаты - өнер - біліммен әлемді бағындыру. Мың шақырым, бір қадамнан басталады. Ал, біз алғашқы қадамды жасадық.

сырым

Өзбекстан мемлекетінде өткізілген "Ören Stars of Uzbekistan" халықаралық байқауында "ALEM" оқу орталығының оқушылары үздік нәтиже көрсетті. Көркем сөз жанры бойынша Айгерім Ажигалиева бас жүлде иеленді. Жетекшісі - Шаттық Лесбайқызы.

Ал, кеше ғана Ақтаудан жүлделі оралған Бақытханым Жұмағалиеваның шәкірті Мәриям Сисенбай би жанры бойынша бас жүлде алды. Вокал бағытында да қазақ қызы жеңімпаз атанды. Еркемарал Талғат салған ән бәрін ұйытты. Жетекшісі - Тілек Мұхтарұлы;

Ал, әріптесіміз Назгүл Мустафиеваның төрт бірдей шәкірті биіктен көрінді. Қорған Батырғали көркем сөз жанры бойынша екінші орын алса, ақындар арасынан Айбек Бақтыбекұлы бас жүлдеге лайық болды. Жас қаламгерлер ішінен Альбина Сағынғали мен Думан Төлеген дараланды. Екеуі де кубокты көкке көтерді.

сыр

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді оқу орталығы қызметкерлері құрметпен күтіп алды. 

“ALEM” оқу орталығы,

Сырым ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале