26.06.2025, 11:45
Оқылды: 114

Қазақстандықтардың орташа жасы - 32,3 жас

2024 жыл басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасты құрады. Соңғы бес жылда көрсеткіш 31,9 жастан өскен. 

85b9152a-6af4-41de-a078-bd6f11e8e813 (1)

Ерлердің орташа жасы - 30,7 жас, әйелдердікі - 33,9 жас. Өңірлер бөлінісінде ең төменгі орташа жас Түркістан облысында - 27,7 жас, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында - 27,8 жастан. Ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында - 39,2 жас, Шығыс Қазақстан облысында - 38,9 жас және Қостанай облысында - 38 жас. Қала халқының орташа жасы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 32,7 және 31,7 жас.

Дерккөз: stat.gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале