Адам тамақ ішкен кезде гаджеттерді пайдаланса, шамадан тыс жеп қоюы мүмкін. Бұл туралы эндокринолог Зухра Павлова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Зухра Павлова тамақ ішу кезінде адам гаджеттерге, видео қарауға, жаңалықтарды немесе хабарламаларды оқуға алаңдаса, оның миы тамақ ішуге және басқа ақпаратты тануға бірдей көңіл бөле алмайтынын жеткізді.
Оның айтуынша, тағамның дәміне, иісіне, құрылымына және сыртқы түріне назар аударып, тыныштықта тамақтану және әрбір тістегеннен ләззат алу маңызды. Бұл жағдайда адам тойғанын сезеді, соның арқасында артық тамақтану ықтималдығы төмендейді.