26.06.2025, 12:45
Оқылды: 166

Ұлттық ұлан чемпионатында «Батыс» командасының мерейі үстем болды

Петропавл қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан чемпионатында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары топ жарды.

WhatsApp Image 2025-06-26 at 12.43.08

2025 жылғы 22–25 маусым аралығында Ұлттық ұланның Әскери академиясында (Петропавл қаласы) халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нүрпейісовті еске алуға арналған қоян-қолтық ұрысынан Ұлттық ұлан чемпионаты өтті.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген жеті команда – «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары, Әскери академия (Петропавл қаласы), 6654 әскери бөлімі (Алатау қаласы) және 5573 әскери бөлімі (Астана қаласы) қатысты. Бәсекеге 50-ге жуық үздік спортшы жұмылдырылып, жарыстың деңгейі айрықша жоғары болды.

Чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылардың кәсіби шеберлігі мен жанқиярлықпен күресуге дайын екендігі айқын көрінді. Әсіресе, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, командалық есепте жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

WhatsApp Image 2025-06-26 at 12.43.07

Жеңімпаз спортшылар енді құқық қорғау органдары арасында өтетін республикалық деңгейдегі жарыста Ұлттық ұланның намысын қорғайтын болады.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале