«Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп табысты іске асыруда және еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

Шыңғырлау ауданына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 8 мыңнан астам тұрғыны бар Шыңғырлау ауданының «Шыңғырлау» станциясына келді.

Пойыз жұмысының ашылуында Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев құттықтау сөзін сөйлеп, арнайы келген пойыздың бригадасына алғысын білдіріп, оның ұлт денсаулығын нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.


Шыңғырлау станциясында тұру мерзімі:
27.06.25ж 06:25 - 28.06.25 21:30.
Амангелді станциясында тұру мерзімі:
28.06.25ж 22:30 - 30.06.25 23:30
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00
* Үзіліс: 13:00-14:00
Алмас Сартов,
Шыңғырлау ауданы