28.06.2025, 12:00
Оқылды: 462

Жаңақала колледжінде түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті

Жаңақала колледжінде “Сәт сапар, жас маман!” атты колледж түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

WhatsApp Image 2025-06-27 at 23.41.54

Түлектер өмірінен маңызды орын алар іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов, “Respublika” партиясы БҚО филиалының төрағасы Дулат Мақатов, колледж директоры Самат Ермекқалиев пен ата-аналары, ұстаздары қатысып, жас мамандарға жарқын болашақ пен ақ жол тіледі.

WhatsApp Image 2025-06-27 at 23.39.04

Салтанатты кеш барысында “Есептеу техникасы және ақпараттық желілер”, “Дәнекерлеу ісі”, “Ауылшаруашылығын механикаландыру” секілді мамандықтарды игеріп шыққан студенттерге дипломдар мен алғысхаттар табыс етілді.

Сондай-ақ білім мен табандылықтың, еңбекқорлық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен “Есептеу техникасы және ақпараттық желілер” мамандығының №81 оқу тобының үздігі Айкүнім Русланова Есенғали Лепесов атындағы, “Дәнекерлеу ісі” мамандығының №82 оқу тобының түлегі Ділдәбек Кененғалиев Ғазиз Бегалиев атындағы бір реттік шәкіртақыға ие болды.

WhatsApp Image 2025-06-27 at 23.40.00

Жас мамандардың ата-аналары атынан сөз алған Сәуле Мизамғалиқызы жүрекжарды лебізін жолдап, түлектерге сәт сапар тіледі. Одан әрі колледждің көркемдік жетекшісі Рақымжан Төлегенов шараны әнмен әрлеп, жаңа белеске бет алғалы тұрған жалынды жастарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале