2.07.2025, 16:00
Оқылды: 133

Қаржы пирамидасын қалай танып-білуге болады?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасын танудың белгілерін атады. Қаржы пирамидаларына қатысу салынған қаражаттың толық жоғалуына әкелуі мүмкін. Мұндай схемалар көбінесе сенімді инвестициялық мүмкіндік ретінде ұсынылады, бірақ іс жүзінде қаржылық тұрғыдан орнықсыз және заңнаманы бұзады.

1

Фото: istockphoto.com

Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:

  • Жоғары кірістілікке уәде беру. Нарықтық көрсеткіштерден бірнеше есе көп кіріс көбінесе нақты қызмет есебінен емес, жаңа қатысушылардың қаражаты есебінен қалыптасады.
  • Жаңа салымшыларды міндетті түрде тарту. Пайда жаңа қаражаттың тұрақты түсуі арқылы төленеді, онсыз схема тез жұмысын тоқтатады.
  • Лицензияның болмауыҚатысушыларға агенттік берген лицензияның болуы туралы ақпарат берілмейді. Салымдардың сақталуы үшін шартта заңды жауапкершілік болмауы мүмкін.
  • Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі белсенді жарнама.Тұсаукесерлер, сыйлықтар, қолма-қол ақшамен немесе электронды әмияндар арқылы ресми төлем құралдарын айналып өтуге шақыру жиі қолданылады.
  • Жаңылыстыратын атауларды пайдалану. Алаяқтар заңды қызметтің көрінісін жасау үшін «инновациялық жоба», «қаржы орталығы», «борыштық бағдарламасы» сияқты атауларды пайдалануы мүмкін.
  • Бастапқы салымдары аз. Бұл сенімді қалыптастыру және кейіннен барынша ірі инвестицияларға тарту үшін жасалады.

Егер сіз қаржы пирамидасының құрбаны болдым деп күдіктенсеңіз, мүмкіндігінше тезірек полиция мен Қаржылық мониториңі агенттігіне (ҚМА) хабарласу қажет. Бірден шағым беру ұсынылады.  Бұл ақшаны қайтару ықтималдығын арттырады. Сондай-ақ туыстарға, достарға және таныстарға олардың кейінгі құрбан болмауы үшін ескерту маңызды.

Компания туралы ақпаратты, лицензияның болуын және мемлекеттік органдардың ресми сайттарында тіркелуін тексеріңіз.

Динара Насыр

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале