3.07.2025, 17:08
Оқылды: 313

"Саламатты Қазақстан" пойызы Тасқала станциясына келіп жетті

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды әлеуметтік жоба – «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында жалғастыруда. Ауыл тұрғындары бұл пойызды жыл сайын асыға күтеді.

2a419b32-2c80-471e-8b11-e6d3dfcae138

3 шілде күні пойыз Тасқала станциясына келіп тоқтады. Бұл елді мекенде 7365 астам адам тұрады.

Пойыз жұмысының ашылу барысында медициналық пойыздың аға дәрігері А.Ж. Саханова және медиатор Ш.А. Шалғазина тұрғындарға 30 медициналық қызметкерден қандай көмек ала алатындары туралы айтып берді. «Дөңгелекті емханада» науқастарды тегін, медициналық сақтандырудың болуына қарамастан қабылдайды. «Қажет болған жағдайда мамандар шағын хирургиялық араласулар жасайды: пойыз заманауи медициналық құралдармен жабдықталған және барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс істейді. Өйткені халықтың денсаулығы – мемлекеттің болашағының негізі. Халық денсаулығын нығайту әрдайым мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала береді», – деп атап өтті Әсемгүл Жұмабаевна. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына білікті заңгерлік, психологиялық және медиациялық көмек көрсетіледі.

Жиналғандарға құттықтау сөз сөйлеп, жобаны ұйымдастырушыларға алғысын білдіргендер қатарында Тасқала ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы С.М. Ғалиева, өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, Тасқала аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Д.Н. Аюпова болды.

919159f5-13f1-4c97-89f4-eca4652596c3

БҚО әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Т.В. Рогозина, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Ж.С. Қарымова тұрғындармен кездесу барысында мамандардың қабылдау тәртібі мен кестесі туралы түсіндіріп, ерекше назар балаларға, көпбалалы аналарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға аударылатынын атап өтті.

14527056-d3e8-4e7c-b13a-85a942ac10db

Одан кейін тұрғындарға пойыз регистратурасына барып, қажетті қызметтер алу ұсынылды.

Медициналық пойызды бірнеше жылдан бері пайдаланып жүрген ауыл тұрғындары мамандардың жұмысының ұйымдасқандығы мен сапасына жоғары баға беруде.

Мобильді топтың жұмысы жалғасуда.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале