11.07.2025, 11:15
Оқылды: 197

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 92 кәсіпорны 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазады. 

_gluster_2022_10_6_7c9b676a08b8300fcdd14119d8bd8898_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым берілді және 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 755,4 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 941 тексеру жүргізді, оның барысында 3 608 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 2 973; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 616; халықты жұмыспен қамту бойынша – 19.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале