15.07.2025, 22:00
Оқылды: 168

Жаңақалада өткен аппараттық кеңес отырысында маңызды мәселелер қаралды

Бүгін Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті. Кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері мен барлық дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.

image-15-07-25-07-41-1
Жиын барысында алдымен 13 шілде күні өткен сайлау қорытындысымен сайланған жаңа ауыл әкімдері мен мекеме, бөлімдерге тағайындалған басшылар таныстырылды. Бұрынғы Жаңажол ауылдық округінің әкімі Айбек Ишанов пен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бұрынғы директоры Жайсаң Есекеновке алғысхаттар және үздік сапалы қызмет көрсетуші Республикалық конкурсының өңірлік байқауында «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» бағамы бойынша жүлдегер атанған Қайсар Нұғмановқа диплом табысталды.
Кеңесте күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева мал азығын дайындау барысы мен туындаған мәселелер жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанғали Мұратов инфрақұрылым саласындағы жұмыстар туралы толық ақпарат берді. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Нұртілеу Тілекқабылов құрылыс жұмыстарының барысы жөнінде баяндады.
image-15-07-25-07-41
Жиында сондай-ақ, мал санағына дайындық, жазғы қауіпсіздік шаралары, жастарды жұмыспен қамту мәселелері де көтерілді. Кеңес соңында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, әр сала жетекшілеріне жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале