16.07.2025, 17:30
Оқылды: 408

Казталов ауданы: Сала басшысына құрмет көрсетілді

Казталов ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиевтің төрағалығымен санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова арнайы қатысты.

FB_IMG_1752650225057

Кездесу барысында аудандағы қоғамдық денсаулық сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға жан-жақты талдау жасалды.

Сонымен қатар жиын аясында ұзақ жылдар бойы аудан халқына адал қызмет етіп, кәсіби жолын осы салаға арнаған Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров зейнеткерлік жасқа толуына орай құрметке бөленді.

FB_IMG_1752650228040

Динара Олжабайқызы сала ардагерін облыс әкімінің атынан арнайы құттықтап, құттықтау хаты мен департаменттің Құрмет грамотасын табыс етті. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Рашит Нәсіпқалиұлы да басқарма басшысының өңір денсаулығын сақтау жолындағы еңбегін ерекше атап өтіп, аудан әкімінің Құттықтау хатын табыс етті.

— Сіз еңбек жолыңызды Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог болып бастап, 1990 жылдан бері басқарма басшысы ретінде абыройлы қызмет атқарып келесіз. Кәсіби біліктілігіңіз, жауапкершілігіңіз бен табандылығыңыздың арқасында аудан халқына сапалы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет көрсетіліп, қоғамдық денсаулықты сақтау ісі жаңа деңгейге көтерілді. Атқарған қызметіңіз – жас мамандарға үлгі, ұрпаққа мұра. Сізге зор алғыс білдіремін! – деді аудан әкімінің орынбасары.

FB_IMG_1752650235928

39 жылдық еңбек өтілі бар Талғат Қалиханұлы мемлекеттік қызметтегі адалдығымен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен және кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп, әріптестері мен ел алғысына бөленіп келеді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале