17.07.2025, 11:00
Оқылды: 187

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту: 3 жыл ішінде 633 медициналық нысан салынды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфрақұрылымды жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жазды. 

амбулатория (1)

 

Сурет сайт архивінен

Соңғы үш жылдың ішінде 633 денсаулық сақтау нысаны салынды. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын және Алматыдағы Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығын қоса алғанда, ірі нысандар бар.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған 655 нысанның 508-і аяқталды.

Ағымдағы жылдың 5 айында ДСМ 104,6 млрд теңге инвестиция тартты, оның ішінде 40 млрд теңге — жеке инвестиция.

Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артық, бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін қаражат табысты тартылғанын айғақтайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале