18.07.2025, 10:15
Оқылды: 363

«Орал – Озинки» тас жолында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты

17 шілде күні шамамен сағат 15:00-де «Орал – Озинки» автожолының 64-шақырымында, Усихино елді мекенінің маңында ауыр жол-көлік оқиғасы болған.

ГАИ жол полициясы https://polisia.kz/ru/19-letnij-voditel-so-shtrafami-na-7-mln-tenge-zaderzhan-v-almaty/

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Chevrolet Aveo маркалы көліктің жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, алда кетіп бара жатқан КамАЗ жүк көлігін басып озбақ болған сәтте көлікті басқаруға ие бола алмай, оның артқы бөлігіне соғылған. Соққы салдарынан жеңіл автокөлікке өрт тұтанып, көлік жанып кеткен.

Оқиға орнында Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале