22.07.2025, 17:15
Оқылды: 418

Жанарыңызды сәби кезден сақтаңыз!

Адамның  көз  жанары  –  ең  нәзік  ағзасының  бірі.  Қазір  медицина  дамып,  түрлі  ағзаны  ауыстырудың  небір  жолы  табылғанымен,  жалғыз  ғана  көздің  қарашығын  ауыстыру  мүмкін  емес.  Өкінішке орай,  смартфон,  гаджеттер  пайда  болғалы,  еңбектеген  баладан  еңкейген  қарияға  дейін  көз  ауруына  душар  болуда.  Көз  жанарымызды  қалай  күтеміз?  Суқараңғылықтың  алдын  алу  үшін  не  істеу  қажет?  Мектеп  жасындағы  балалардың  көзі  алыстан  көрмей  бастағанын  ата-ана  дер  кезінде  қалай  біле  алады?  Миопия  диагнозы  бойынша  ота  неше  жастан  бастап  жасалады?  Осы  және  өзге  де  сауалдарды «Uniserv Medical Center»  медициналық орталығының окулисі  Ләзиза  Тоқпановаға қойған едік.

WhatsApp Image 2025-07-22 at 18.00.45

Миопияға  ота неше  жастан  жасалады?

Ләзиза Сәрсенбайқызының айтуынша, қазір көз ауруларының түрі көп. Алыстан яки жақыннан көрмеу немесе жас ағатын арналардың бітелуі, көз қысымы, глаукома, тағы басқалары бар. Бірақ осылардың ішіндегі ең жиі кездесетіні – көздің көру өткірлігінің төмендеуі (аномалия рефракция). Оған бірден-бір себеп – балалардың телефон, смартфонға үйірлігі, көзді демалтпастан, тәулік бойы гаджеттерге қарауы. Өйткені қазіргі кең қолданыстағы гаджеттердің экранынан жарық, жылу, электромагниттік толқындар бөлінеді. Бұлар өз кезегінде көздің беткі қабатын кептіреді, содан қызару пайда болады және көздің алыстан көруін нашарлатады. Көз жанары ауырып, мазаламаған соң атаана баланың көзі кеміп жатырғанын білмей қалады. Соның салдарынан көру қабілеті әбден нашарлағаннан кейін қаралып жататын көрінеді. Көздің көру өткірлігінің нашарлауына душар қылатын екінші себеп – тұқымқуалаушылық және туа біткен ақаулар.

– Көзді күту бойынша тұрғындарға ескерте кететін жайт, жаңа дүниеге келген нәресте мен жасөспірімдерді профилактикалық тексеріске шақырғанда, міндетті түрде уақтылы апарып, көз дәрігеріне қарату керек. Балалардың көз алмасының өсуі бойынша анатомиялық ерекшеліктер болады. Жеті жасқа дейінгі және одан кейінгі жастар бойынша көз алмасының өлшемі мен рефракциясын тексереді. Өйткені бүгін қаралып, одан соң алты айдан кейін тағы тексергенде көздің көргіштігінде, көз алмасында өзгерістер болуы мүмкін. Ата-аналардың дені мектепте оқитын баласының көзіне ота жасатқысы келетінін айтады. Бірақ балалар мен жасөспірімдердің көзінің көру өткірлігін арттыру мақсатындағы оталар жасалмайды. Өйткені баланың бойы өскен сайын көз алмасы да өзгеріп тұрады. 20 жасқа толғаннан кейін көз алмасының өсуі, қарашығының өсуі тоқтайды, сол кезден бастап қана ота жасауға болады. Мектеп оқушыларын алты ай сайын тексеріп тұрамыз. Өйткені біздің мақсатымыз – балалар мен жасөспірімдердің көзінің торлы қабатын (клетчатка) қадағалап, 18 жасқа дейін бүтін жеткізу.  Егер окулист дәрігер  көзге тамызатын дәрі, ем-дом тағайындаса, уақтылы қолдану керек, – деді Ләзиза Сәрсенбайқызы.

Әр 30 минут сайын көзге  демалыс қажет

Окулист көз күтіміне қатысты ата-аналарға баланың ұялы телефонды қолдану уақытын шектеп, әрбір жарты сағат сайын дене жаттығуын жасатып, табиғат аясында көп жүру қажеттігін ұсынды. Өйткені бір қалыпта қозғалмастан әрі ұзақ уақыт бойы отыру әр минут сайын өсіп келе жатқан жас ағза үшін өте қауіпті. Телефонға қарағанда көз бен смартфонның арақашықтығы 30 см болуы керек және әр 30 минут сайын үзіліс жасау маңызды. Шағын ғимараттың ішінде біраз отырғанда немесе телефонды ұзақ қарағанда көз бұлшық еттері жұмыс жасамайды. Содан көздің көруі нашарлайды. Көздің нашар көруін емдеу ұзақ процестен тұрады. Оның үстіне, дәрімен бұл мәселені түбегейлі шешу әсте мүмкін емес. Ең бірінші, көз күтімін назарда ұстау қажет. Миопия, яғни көздің алыстан көрмеуі көп жағдайда шала туған балаларда және тұқымқуалаушылық бойынша жиі кездеседі.

Маманның айтуынша, көз ауруының ең қатерлісі, асқынған түрі – глаукома. Суқараңғылық – көздің ішкі қан қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы. Глаукома ауруының екі түрі бар, олар ашық және жабық түрлері. Егер дер кезінде дәрігерге қаралып емделмесе, адамның көру қабілеті нашарлап, соқырлыққа әкелуі мүмкін. Суқараңғы 40 жастан асқан адамдар арасында пайда болады, кей жағдайда жас балаларда (іштен туа бітті) және жасөспірімдерде кездеседі. Глаукома жұқпалы ауру емес, бірақ тұқым қуалайды. Аурудың бастапқы кезеңінде көздің алды тұманданып, жарыққа қарағанда «кемпірқосақты» көргендей белгілер байқалады. Көз алдындағы затты анық көре алмайды. Аталған белгілер бастапқыда бір көзде байқалады. Суқараңғылық аяқ астынан да дамуы мүмкін. Бұл жағдайда бір жақ көз, бас қатты ауырады. Науқастың көзі қызарып, қабағы ісінеді, көру қабілеті нашарлайды. Кейде адамның жүрегі айнып, құсады. Глаукоманың алдын  алу үшін 40 жастан асқан адамдар жылына 1-2 рет көз қысымын тексертіп тұрғаны абзал.

Маманның мәліметінше, көз жанарын сақтау үшін дұрыс тамақтану да өте маңызды. Көзге пайдалы дәрумені бар тағамды тұтыну қажет. Мәселен, жасыл, алқызыл, сары түсті жеміс-жидектер, көкөністерді жиі тұтыну ұсынылады. Олар – брокколи, шпинат, асқабақ, сәбіз, қырықжапырақ. Сол секілді ірімшік, айран секілді сүт тағамдары да пайдалы. Қаражидек пен балықтың да көз жанарына пайдасы мол. Бір сөзбен айтқанда, табиғи дәрумендер мен минералдардың  еш   артықтығы  жоқ.

Көзге бет алды дәрі тамызбаңыз!

– Дәлелді медицина бойынша білімімізді жүйелі жетілдіреміз. Жалпы, қазір миопия бойынша көздің минус деңгейінің өсуі қорқынышты емес. Өйткені өсіп-жетілу процесі тез жүретін балалардың немесе тұқым қуалаушылыққа байланысты кей жасөспірімдердің көзінің көру қабілеті күрт нашарлап кетеді. Мұндай жағдайда көздің минус деңгейін тоқтататын заманауи екі әдіс бар. Біріншісі, бес жастан бастап балаларға арналған түнде тағатын ортокератологиялық линзалар, екіншісі, Stellest көзілдіріктері. Түнде тағып ұйықтайтын аталмыш линзалардың әсері күндізгі 12 сағатқа жетеді. Бала көзілдіріксіз жақсы көріп жүре алады. Спортқа қатысуына ешқандай шектеу болмайды. Stellest көзілдіріктері де солай, бір жыл алты айға дейін көздің бір деңгейін сақтап тұрады. Егер балалар мен жасөспірімде көзінің қылилығы, амблиопея секілді қосалқы аурулары болса, аппаратпен ем-дом   жүргізіледі.

Тағы бір айта кететін жайт, көздің қабынуында, яғни конъюнктивит кезінде тұрғындар өздеріне, балаларының көзіне бет алды дәрі тамызады. Көздің мөлдір қабатында да қабыну белгілері болуы мүмкін. Дәрігердің кеңесімен ғана дәрі тамызу керек. Көздің жағдайын PLUSOPTIX аппаратымен, сондай-ақ компьютерлік томографиямен, УЗИ-мен тексереміз, – дейді Ләзиза Сәрсенбайқызы.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Жанарыңыздың жарқырап жүруі үшін көз дәрігеріне алты айда бір, қалыпты жағдайда кемінде жылына бір мәрте  тексеріліп  тұру  керек.

Көздің көруін жақсартатын дәрумендер Бүкіл ағза секілді көз күтімі де тамақтануға тікелей байланысты. Көз ауруларының алдын алу үшін  мына дәрумендерге  мән  беріңіз.

А дәрумені

А дәрумені көз саулығын сақтауға қажет. Өнімдерде оның әртүрлі түрі болады. Мысалы, ретинол жануар өнімдерінен алады. Оларға мыналар жатады:

– ет;

– майлы балықтар: албырт, майшабақ;

– сүт өнімдері: ірімшік, кілегей майы;

– жұмыртқа.

Сондай-ақ А дәрумені қызғылт-сары түсті көкөністер мен жемістер, мысалы, сәбіз, тәтті картоп, қауынның кей түрлері, манго жатады. Олардың құрамындағы каротиноидтар ағзаға түскен кезде А дәруменіне айналады. Сондай-ақ бұл элементтер брокколиде, жапырақты көкөністерде және болгар бұрышында  болады.

Бүкіл ағза секілді көз күтімі де тамақтануға тікелей байланысты. Көз ауруларының алдын  алу  үшін  мына дәрумендерге  мән  беріңіз.

А  дәрумені

А дәрумені көз саулығын сақтауға қажет. Өнімдерде оның әртүрлі түрі  болады. Мысалы, ретинол жануар өнімдерінен алады. Оларға мыналар жатады:

– ет;

– майлы балықтар: албырт, майшабақ;

– сүт өнімдері: ірімшік, кілегей майы;

– жұмыртқа.

Сондай-ақ А дәрумені қызғылт-сары түсті көкөністер мен жемістер, мысалы, сәбіз, тәтті картоп, қауынның кей түрлері, манго жатады. Олардың құрамындағы каротиноидтар ағзаға түскен кезде А дәруменіне айналады. Сондай-ақ бұл элементтер брокколиде, жапырақты көкөністерде  және  болгар  бұрышында  болады.

Е  дәрумені

Е дәрумені – күшті антиоксиданттардың бірі.

Ол зәйтүн және жүгері майында көп болады. Сондай-ақ Е дәрумені авокадо, грек жаңғағы, бадам жаңғағы, шемекі және асжапырақта болады. Егер толыққанды тамақтануға мүмкіндік болмаса, дәрумендік жинақ ішу ұсынылады. Алайда қандай дәрумендер ішу керегін тек дәрігер  айту  керек.

Гүлсезім Бияшева,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале