2025 жылдың алғашқы алты айында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 200 мыңға жуық адам қамтылды.

Сурет: telegram.org
«Оның ішінде 48 мың жұмыссыз қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарымен қамтылды, 30 мыңнан астамы «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді, 4,2 мың адам жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде гранттарға ие болды. 113 мың адам мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.