28.07.2025, 11:30
Оқылды: 452

Жаңақала ауданында медициналық оңалту саласы қарқынды дамуда

Халық денсаулығы – мемлекетіміздің басты байлығы. Бүгінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында оңалту қызметі жаңа серпінмен дамып келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жазды. 

c1ddf6dc-d688-4091-a434-cee5287959d4

Сурет: telegram.org

Осы бағыттағы ілкімді істердің бірі – 2009 жылдың 29 қарашасында ашылған «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығының қызметі. 15 жыл ішінде орталық 27 784 тұрғынға медициналық оңалту көмегін көрсетіп, ел алғысына бөленіп отыр.

a6fd8e37-3ee1-402e-a022-21a2fcb5012a

Орталық ересектерге арналған III кезеңдегі қалпына келтіру және медициналық оңалту қызметін ұсынады.
Қызмет түрлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №116 және №65 бұйрықтарына сәйкес неврологиялық, кардиологиялық және травматологиялық бағыттарда жүргізіледі.

b246d49a-fb60-4270-b9b6-759d9bfe2df3

Бүгінде аталмыш орталық – облыс халқының сауығуына ықпал ететін маңызды медициналық мекемелердің бірі.

Тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале