28.07.2025, 18:00
Оқылды: 105

Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде жаңа басшы

Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің №104 өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына және 30-бабының 1-тармағына сәйкес Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына Абат Тимурұлы Ишанов тағайындалды.

 

Ишанов Абат Тимурұлы - Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылында 1982 жылы 17 қарашада дүниеге келген. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университетін "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 04.11.2005-14.04.2006 жылдары Жаңақазан ауылында “Айгөлек" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының операторы;
24.11.2008-30.04.2009 жылдары Жаңақала ауданына қарасты Жаңақазан ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маманның міндетін атқарушы;
30.04.2009- 01.12.2010 жылдары Жаңақазан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
27.03.2011-25.02.2013 жылдары Жаңақала ауданы әкімі аппаратының іс-қағаздармен қамту және қаржы шаруашылық бөлімінің іс-қағаздар жүргізуші бас маманы;
06.04.2011-11.07.2011 жылдары Жаңақала ауданы әкімі аппаратының компьютер операторы;
11.07.2011-27.09.2011 жылдары Жаңақала ауданы әкімі аппаратының іс-қағаздармен қамту және қаржы шаруашылық бөлімінің іс-қағаздар жүргізушісі, бас маманның міндетін атқарушы;
25.02.2013-13.08.2019 жылдары Жаңақала ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржылық шаруашылық бөлімінің бас маманы;
14.02.2019-20.08.2020 жылдары Жаңақала ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) және құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы;
21.08.2020 жылдары Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі әкімінің орынбасары;
22.01.2024-29.06.2025 жылдары Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Жанұялы. 1 ұлы, 1 қызы бар.

Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале