31.07.2025, 15:15
Оқылды: 138

Тарихта алғаш рет – Қазақстан беделді жарыста қазіргі әлем чемпиондарын жеңді  

Мемлекет басшысының отандық спортқа шетелдік мамандарды тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында 2019 жылдан бастап семсерлесуден ерлер және әйелдер арасындағы ұлттық құрамада беделді бапкерлер мен кеңесшілер жұмыс істей бастады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі жазды.

photo-outputЕкі Олимпиада аралығында Қазақстанның семсерлесушілері айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, Токио Олимпиадасында Руслан Құрбанов 1/8 финалға дейін жетіп, ел тарихындағы ең үздік көрсеткішті қайталады. Ал Париж Олимпиадасында ерлер құрамасы алғаш рет жолдама иеленіп, үздік 8 елдің қатарына кірді. Жеке сайыста да Руслан Құрбанов ширек финалға дейін жетіп, ең жоғары нәтижені тіркеді.

2023 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрама тарихи қола жүлдені жеңіп алды. Жекелей сында Руслан Құрбанов жартылай финалға дейін жетті.

2024 жылғы Азия чемпионатында сапыдан ерлер құрамасы 9 жылдан кейін алғаш рет чемпион атанды. Олар финалда атақты Жапониядан басым түсті. Қылыш бағдарламасында да ерлер құрамасы сенсация жасап, қола жүлдегер атанды.

Азия ойындарында да сапы сайысынан жігіттеріміз ұзақ жылдардан кейін финалға дейін жетті.

Қазіргі сәтте сапыдан ерлер құрамасы әлемдік рейтингте 5-орында тұрса, жекелей сайыста Руслан Құрбанов 8-орынға жайғасқан.

Бүгін семсерлесуден ұлттық құрама өз тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Қазіргі әлем чемпионы – Италия құрамасын жеңген ұлттық құрама өкілдері Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов финал жолдамасы үшін Токио Олимпиадасының чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония спортшыларымен шеберлік байқасып, қарсыластарына аз ғана басымдықпен жол беріп қойды.

Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін тартыста тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы (1908, 1924, 1932, 1948, 1980, 1988, 2004, 2008, 2016) Франциямен кездеседі.

Туризм және спорт министрлігі отандық спортқа халықаралық тәжірибені енгізу, ел спортшыларының біліктілігін арттыру, жүлде көрсеткішін жақсарту және спорт саласын дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале