1.08.2025, 10:15
Оқылды: 124

Мектеп директорларының жетіспеушілігі үш есе қысқарды: Ғани Бейсембаев оларды тамыз айында толық тағайындауды тапсырды

Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен облыс әкімдерінің орынбасарларымен өткен кеңесте мектеп директорларын бос лауазымдарға тағайындау мәселесі қаралды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды. 
_gluster_2025_8_1_2c9ad956cb20dd6531fc58b34f77a74d_1280x720
Сурет: gov.kz

2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептерде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасын іске асырып келеді. Екі жыл ішінде іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен 583 кандидат республикалық кадр резервінің құрамына енді. 2025 жылы тағы 400 үміткер оқудан өтуде.

Жобаны іске асыру барысында мектеп директорларының тапшылығы үш есеге қысқарды. Өңірлердің басым бөлігі басқарушы лауазымдарына арнайы дайындықтан өткен мамандарды тағайындау арқылы кадрлық резервтің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланады.

Одан бөлек, 4 мыңға жуық директор «Өрлеу» БАҰО-да қысқа мерзімді курстардан өтті, бұл мектептердегі басқару әлеуетін нығайтуға және білім беру жүйесіндегі менеджмент сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Жоба айтарлықтай нәтиже берді, мектептерде жаңашыл, ынталы менеджерлер пайда болады. Енді бұл процесті жүйелеп, қалған барлық бос жұмыс орындарға басқарушы кадрларды тағайындауды тамыз айында аяқтау маңызды. Бұл – директорларды тағайындау ғана емес, сонымен қатар білім берудегі басқару мәдениетін жүйелі түрде жаңарту. Аталған бағыттағы жұмыстар нақты өзгерістер мен білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, бірқатар өңірлерде кадр резервінің әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Мәселен, Алматы, Қарағанды, Абай, Павлодар және Түркістан облыстарында басқарушы кадрларға қажеттілік басым.

Министр тамыз айында қалған бос жұмыс орындарына тағайындауды аяқтау туралы тапсырманың орындалуына облыстық білім басқармаларының басшылары дербес жауапты болатынын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале