1.08.2025, 16:30
Оқылды: 148

«Алтын алқа» мемлекеттік наградасына ие болды

Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы Ерболат Ахметов Жосалы ауылдық округінің тұрғыны, көпбалалы ана Мереке Какина   «Алтын алқа» мемлекеттік наградасын тапсырды.

алтын алқа 1

Мереке Ырзабайқызы — жеті бірдей баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған еңбекқор ана. Ер азаматы Ертарғын Медетов Қоңыр ауылындағы орталық клубта күзетші болып қызмет етеді. Ерлі-зайыптылардың Жангүлім, Жандәулет, Айқын, Айсұлу, Аяулым есімді балалары Жосалы орта мектебінде білім алуда. Кенже ұлы Жаннұр – балабақша тәрбиеленушісі, ал кішкентай қызы Жанерке – ата-анасының қамқорлығында.

527025980_1369483048510568_159774494712814450_n

Отбасындағы барлық бала тәрбиелі, тәртіпті және оқу озаттары. Олардың әрқайсысы түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға белсене қатысып жүр. Ұлдары Жандәулет пен Айқын – облыстық, аудандық қазақ күресі мен самбо жарыстарының жеңімпаздары. Қыздары Айсұлу мен Аяулым – тоғызқұмалақ, қолөнер үйірмелерінің белсенді мүшелері. Әсіресе Айсұлу түрлі байқаулар мен жарыстардан жүлделі орындарға ие болып жүр.

Жеті баланы аялап өсіріп, ұлт болашағына үлес қосып отырған осындай аналар — елдің тірегі, ауылдың абыройы.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале