2.08.2025, 13:01
Оқылды: 424

Аудан әкімі шыңғырлаулық спортшыларға  сәттілік тіледі


Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев 5–9 тамыз күндері өтетін «Ақ бидай – 2025» VIII облыстық ауыл спорты ойындарына қатысатын аудан спортшыларымен кездесті. Жиын барысында өңір намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тілеп, сенім артатынын жеткізді.

image-01-08-25-05-51-2
Аудан құрамасы биыл волейбол, шағын футбол, қол күресі, тоғызқұмалақ, гір көтеру, үстел теннисі, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату және бес асық, дәстүрлі садақ ату, қазақ күресі, толағай алыптар сынды бірнеше бағыт бойынша сайысқа түседі.
"Бұл жарыс – ауыл спортын дамытудағы үлкен мүмкіндік. Сіздердің әрбір жеңістеріңіз – ауданымыздың абыройы. Намысты қолдан бермей, бірлікпен өнер көрсетіңіздер. Біз сіздерге сенеміз, – деді аудан әкімі.
Кездесу барысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтимов жарысқа қатысушы командалардың мүшелері туралы ақпаратпен таныстырды.
Жарысқа қатысушы спортшылар тарапынан қойылған ұсыныс сұрақтарға жауап берілді.

Светлана Ешматқызы,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале