5.08.2025, 10:45
Оқылды: 553

  Қаратөбе ауданының басшысы спортшылармен кездесті

Қаратөбе ауданының әкімі  Қадыржан Сүйеуғалиев «Ақ бидай» облыстық VIII ауыл спорты  ойындарының аудандық іріктеу кезеңіне қатысып, аталмыш спартакиадада ойын түрлерінен жақсы нәтиже көрсеткен бір топ аудан спортшылармен кездесті.

IMG_0127

Кездесу барысында аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы  аудан спортшыларының  жетістіктеріне тоқталып, ұзақ жылдар аудан спортының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатырған Ирина Шабдарованың спорт саласындағы еңбегін мақтан етті.

IMG_0138

– Мемлекет тарапынан спорт саласын дамытуға үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Құрметті  спортшылар аудан спортын дамытудағы сіздердің еңбектеріңіз зор. Алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетіп, аудан спортын асқақтады деген сенімдемін. Сегізінші рет өткелі тұрған облыстық спартакиадаға қатысушы баршаңызға сәттілік тілеймін. Жеңіс тұғырынан көрініңіздер,  –  деді аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы.

IMG_0126

Кездесу барысында сөз кезегін алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлы мен «Қаратөбе» спорт клубының директоры Бауыржан Серікұлы «Ақ бидай» облыстық VIII ауыл спорты  ойындарының аудандық іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанған спортшыларға  ризашылықтарын білдіріп, аталмыш спартакиаданың облыстық кезеңінде де жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілекші екендіктерін жеткізді.

 

                                       Ерболат Райсов,

                                        Қаратөбе ауданы

IMG_0125

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале