5.08.2025, 19:30
Оқылды: 548

Облыс мамандары шаруалар қосын аралады

Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашев бастаған бір топ лауазым иелері Казталов ауданында іссапарда болып, шаруалардың қысқы мал азығын дайындау жұмысы барысымен танысты.

9a46b6e6-ba01-4e4a-b359-3096c0d6b748

Биыл аудан бойынша мал азығының қоры жылдағыдан төмен екені жасырын емес. Осыған орай тиісті мамандар аудан өңіріндегі мал жайылымы аумағын көздерімен көріп, жиналған шөптің негізгі қоры мен оның сапалық құнарлығына назар аударды.
Жұмыс барысымен келген мамандар ауылдағы шаруалардың мал азығын дайындау жұмыстарымен жіті танысып, дала өртінің алдын алу, ауыл тұрғындарын шөппен қамту және ауыл шаруашылығына қатысты өзге де мәселелер жөнінде ұсыныстарын берді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале