8.08.2025, 15:45
Оқылды: 147

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында бірнеше маңызды мәселелер қаралды, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама мен қызметтік әдеп талаптарының сақталуы, мониторингтеу және бақылау қызметінің нәтижелері.

WhatsApp Image 2025-08-08 at 11.14.56 (1)

Осылайша, Кеңес отырысы барысындаоблыстық жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерін оқыту мәселелері қаралды.Кеңеспен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау процестерінің мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру жолында ерекше маңыздылығына көңіл аударылды.

Сондай-ақ, тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелері қаралды.

Өз кезегінде, Департаментпен талдау шеңберінде тәртіптік жауаптылықты қарау барысында заңнама талаптары сақталмағаны үшін 2 мемлекеттік қызметшіге қолданылған тәртіптік жазаның күшін жою қамтамасыз етілді.

Келесі, 2025 жылдың І-жартыжылдығы бойынша орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өкілді органдар қызметшілерінің әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайлары да қаралды. Бұл кезеңде бірқатар қызметкерлер заң талаптарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылған. Негізгі бұзушылықтар жол жүру ережелерін бұзу, мемлекеттік сатып алу заңнамасы салаларында орын алған.

Соған қоса, қызметтік әдеп талаптарын сақтамау фактілері бойынша Жаңақала және Тасқала аудандары мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс материал қаралып, Кеңеспен тиісті тәртіптік жазаны қолдану туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте, өңірлік Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мұрат Байсалов: «Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік аппаратқа қоғамның сенімін арттыру. Бұл бағытта нақты бұзушылықтарды қараумен шектелмей, оның алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстарды күшейтуіміз қажет», - деп айтты.

Қорытындысында, Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтау, әкімшілік заңбұзушылықтарды азайту және халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың жүйелілігін атап өтті.

Кеңес жұмысы мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

 

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале