Жаңақала ауылындағы Тәуелсіздік саябағында аудандық мәдени-демалыс орталығы мен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен қазақ елін әлемге әйгілі еткен, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толына орай, “Ұлы даланың ұлағатты тұлғасы” атты әдеби-сазды кеші өтті.

Әуелі “Абай даналығы-халық мұрасы” кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ақынның қара сөздері оқылды. Содан соң, ойшылдың өмірінен сұрақтар қойылып, сауалдың дұрыс жауабын тапқан оқырмандарға сыйлықтар мен кітаптар тарту етілді.

Әрі қарай, қонақтар қосыла ән шырқап, көркемөнерпаздар өз өнерлерін көрсетті. Иә, кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды.

“Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесінің есімі ұмыт қалмайды.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы