10.08.2025, 12:00
Оқылды: 576

Оралда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай құрмет көрсетілді

Бүгін ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Орал қаласында оның ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.

ab2e3b31-7a1e-48b3-8424-136b7b355e41
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, басқарма басшылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қазақ халқының ұлы перзентіне тағзым етті.

6bcdf9ae-701e-410d-9263-dfd5f94c8024

Салтанатты шарада Нариман Төреғалиев Абайдың рухани мұрасының қазіргі және болашақ ұрпақ үшін баға жетпес бағдар екенін атап өтті:

«Абай Құнанбайұлы – даналықтың, адамгершіліктің және білімге ұмтылудың символы. Оның сөзі мен идеялары бүгін де өзекті, бізді өрлеуге, ұлттық рухты нығайтуға және мәдени құндылықтарды сақтауға шабыттандырады», - деді Н. Төреғалиев.

6ab91055-a467-4696-accd-ea023e876243

Сонымен қатар, салтанатты жиында аймақ басшысы жуырда Семей қаласында өткен марафонда топ жарған оралдық спортшының жеңісін де атап өтті. Нариман Төреғалиевтің айтуынша бұл жетістік – өңір жастарының табандылығы мен жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі, ұлы ойшылдың күллі даламызға ортақ екенінің айғағы.

7f5cb028-8181-4f99-9d34-da3f1d293bfd
Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ойшылды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

a2063d35-bd7a-4625-b059-af10d561bb1e

133c0036-0af6-4b95-ac03-61a161db3711Өңірдің шығармашыл жастары Абайдың өлеңдерін оқып, облыстық филармония әртістері оның белгілі музыкалық шығармаларын орындады.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 

7ac4e175-363c-4cce-96bd-36fbf661f579
121c2eb2-fad4-4b48-a994-237511657303

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале